2026 жылдың соңына дейін су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасы құрылады.
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Үкімет басшысының айтуынша, суды тиімді пайдалану мақсатында заманауи технологиялар трансферті жолға қойылады. Сонымен қатар заңсыз су айналымының жолын кесу үшін «қара нарықты» жоюға бағытталған пәрменді шаралар қолға алынбақ. Экология министрлігі өз кезегінде Каспий теңізінің су ресурстарын сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаны әзірлейді.
Тегтер #су ресурстары #цифрлық платформа #Үкімет отырысы #Олжас БектеновPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz