RU
Толық нұсқаға өту

Дәрігерлерге жасанды интеллект көмектеседі

10.09.2025, 16:00 378

Елде денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект жүйесі енгізіледі.

Алдағы уақытта дәрігерлер үшін арнайы виртуалды көмекші мен онкологиялық ауруларды ерте анықтайтын жаңа функция іске қосылады. Вице-министрдің айтуынша, қазір Денсаулық сақтау министрлігі нормативтік шектеулерді жеңілдетіп, инновациялық жүйені әзірлеуге кірісті.

Дмитрий Мун, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі:

- Бізде ауруханаларда енгізілген түрлі жүйелер бар және олар осы стартаптармен және жасанды интеллектпен интеграциялануға мүмкіндік беруі керек. Стартап бүкіл медициналық жүйені қайта құрмайтындықтан, ол жасанды интеллект негізінде агенттері мен көмекшілері түрінде жеке шешімдер жасайды. Министрлікке бұл шешімдердің қолданыстағы ақпараттық жүйелерге енгізілуін және интеграциялануын қамтамасыз ету маңызды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz