RU
Толық нұсқаға өту

Павлодарда энергетиктер Жолдауды талқылады

10.09.2025, 19:33 378

«Павлодарэнерго» ұжымы Президент Жолдауында айтылған мәселелерді талқылады.

Жиында Қазақстан Халық партиясының өкілдері Жолдаудың басты бағыттарын түсіндіріп, бастамалар туралы айтты. Энергетика саласын жаңғырту мен халықтың өмір сапасын арттыру мәселелеріне баса назар аударды. Әсіресе, ауқымды реформалар мен стратегиялық бастамалары  «Павлодарэнерго» сынды  мекемелер мен өндірістік кәсіпорындарда қалай жүзеге асатыны жан-жақты айтылды. Кездесу барысында энергетика саласының қызметкерлері өзін толғандырған сауалын қойып, ұсыныс- пікірін ортаға салды.

Әлімбек Ағыбаев, Қазақстан Халық партиясы ПОФ төрағасының м.а:

- Бұл шынайы әрі маңызды кездесу болды деп есептеймін. Ұжым арасында Президент Жолдауын талқылауға деген жоғары қызығушылықтың болғаны қуантады. Көтерілген көкейтесті сауалдарға біз міндетті түрде назар аударамыз, өйткені олар расында да өзекті. Кездесуге қатысушылармен тікелей әрі ашық диалог орнады. Сондықтан да айтылған маңызды мәселелерді шешу жолында бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz