Қалибек Қауанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры жаңа маусымның шымылдырығын «Абай» қойылымымен ашты.
Шығарма һәкімнің 180 жылдығына арналды. Әрі бұл он жылдан астам уақыт бойы өнер ұжымының дәстүрге айналған үрдісі. Әр маусымды Айбаймен бастап, Құнанбайұлымен қорытындылайды. Айталық, трагедияға толы туындының режиссері Әлімбек Оразбеков. Айталық, биыл Қалибек театры өз көрермендерін 6 премьерамен қуантуға бейіл. Ал алда бас-аяғы 200 астам қойылым сахналанады.
Ербол Хабылбеков, Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының директоры:
- Әлемдік шығармаларға көзсалып, одан алыс емес екенімізді білдіріп, «Рамео мен Джулеттаны» сахналайтын боламыз. Анна Каримованы да қазақ тілінде қоятын боламыз. Сондықтан қазіргі таңда ішкі жобаларымыз бар. Бізде арнайы театрлардың зертханасы жұмыс істеп тұр. Ол жерде де жас мамандар мен жас режиссерлар өзінің керемет ойларымен, алғырлығымен қойылымдарды суреттеп жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #театр #АбайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz