RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстандықтар күніне қанша литр су тұтынады?

11.09.2025, 17:41 486

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын да сөз етті. Қазақ басшысы секторға жаңа экологиялық және санитарлық-гигиеналық ережелер енгізу керек екенін айтты. Сондай-ақ аста-төк ысырапшылдыққа жол бермеу керек екенін ескертті. Әсіресе, суды тұтыну мәдениетінің төмендігін сынға алды.

Шернияз Жалғасбекұлы, тілші:

- Қазақстан тіршілік көзін көп тұтынатын елдердің қатарында. Біздегі тәуліктік норма – 3,5 мың литр. Мұның қаншалықты көп екенін түсіндіру үішн мына мысалдарды ұсынайын. Ресейде бұл көрсеткіш 1,3 мың, Германияды 855, Ал Ұлыбританияда небәрі 348 литр. Яғни, біздікілер суды бірнеше есе көп пайдаланады. Мұны Мемлекет басшысы да айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазірдің өзінде судың тапшылығын сезініп отырмыз, ал оны тұтыну мәдениеті төмен», - деді. Осы тұста тұрғындармен тілдескен едік. Халық пікірін бірге білейік.

Блиц (тұтыну) 2:

- Күніне қанша литр су тұтынасыз?

- Күніне 15-20 литр кететін шығар әрі кетсе өз басыма.

Блиц (тұтыну) 2:

- Литрмен 10 литрдей кететін шығар, бір адам басына.

- Көп жағдайда қандай жағдайда жиі тұтынасыз? Жуынғанда, ыдыс, кір-қон жуғанда?

- Көбінесе кір жуғанда, жуынғанда, екі рет қолданылады ғой, таңертең кешке ыдыс жуғанда.

Блиц (тұтыну) 3:

- Мысалы бір тәулікте қанша литр тұтынуыңыз мүмкін.

-  Бір тәулікте енді таңертеңгі жуынуымыз бар, шайымыз бар 7-8 литр кететін шығар.

Иә, сусыз өмірді елестету мүмкін емес. Ал болашақта тіршілік көзі тапшы болады деген болжам бар. Жұтым су қат болса қайтпек керек?! Қазақ басшысы үнемдеу ісіне үңілуді ұсынды. Біздегі бұқара бұған қалай қарайды? Оны да сұрап көрдік.

Блиц (үнемдеу) 1:

- Суды үнемдеудің ең бірінші жолын Үкімет ұсынды ғой, суға қойылатын счетчик. Оның қаласаң да, қаламасаң да үнемдеп бастайсың ғой, өйткені келесі айда түбіртек келеді, сіз санай бастайсыз.

Блиц (үнемдеу) 2:

- Суды үнемдеу бойынша қандай әдіс тәсілдер қолданасыздар отбасыңызда?

- Көбінесе кірді үнемдейміз.

- Яғни, барлығын жиып бір рет жуасыздар?

- Иә, қазір жуатын құралдар көп қой бәрін бірге жуатын, краскасы жұқпайды бір-біріне.

Блиц (үнемдеу) 3:

- Судың да сұрауы бар, жалпы жұмысқа кетіп бара жатқанда, көбіне сөндіруді ұмытып кетеміз. Толық жаппаған кезде тамшылап тұрады, соған мұқият болу жағдайында. Сосын кірлерді жиып-жиып бірден жуу.

Блиц (үнемдеу) 4:

- Суды экономдау үшін не істейсіз?

-  Экономдамаймыз.

Блиц (үнемдеу) 5:

- Үйдегі крандарды, қарап отырамын жіті, ашылып қалмасын деп, ысырыпшылдыққа жол бермеймін.

Тұрғындардың суды сұраусыз тұтынуына біздегі тіршілік көзінің арзандығы да себеп көрінеді. Айталық, әлемдегі ең арзан сулардың бірі бізде. Мәселен, Қазақстанға қарағанда Данияда су 25, Швецияда 22 есе қымбат.

Авторлары: Шернияз Жалғасбекұлы, Мерей Талап

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz