RU
Толық нұсқаға өту

Ақтауда жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған семинар өтті

11.09.2025, 19:26 424

Жаңа жылдан бастап өзін өзі жұмыспен қамтығандар кәсібін тіркемей-ақ жеке тұлға ретінде ісін жалғастыра алады, деп хабарлайды 24kz.

Олар тек әлеуметтік төлемдер бойынша 4% мөлшерінде зейнетақыға және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлем аударып отыруы тиіс. Бұл такси қызметін ұсынатын азаматтарға, шаштараздар мен пәтерін жалға беретіндер үшін қолайлы болмақ. Ақтауда жаңа Салық кодексін түсіндіруге арналған семинар өтті. Қаржы министрлігінің өкілдері салық жүйесіндегі өзгерістерді түсіндіріп, кәсіпкерлерді толғандырған сұрақтарға жауап берді.

Айнұр Сартаева, ҚР ҚМ МКК басқарма басшысының орынбасары:

- Жеке кәсіпкерлерге қатысты елеулі өзгерістер бар. Ол өзін өзі жұмыспен қамтығандарға байланысты. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бөлшек сауда, сонымен қатар жеке тұлғаларға қызмет көрсететін әртүрлі салалар бар. Осы салада жұмыс жасайтын кәсіпкерлерге бағытталған. Олар жарты жылда бір рет салық есептілігін тапсырады.

Оғылша Кенжеқараева, кәсіпкер:

- Есеп беру 30%-ке қысқартылды деп айтып жатыр. Әлі толық оқып үлгерген жоқпын. Бүгін соның бәрі ашық әрі түсінікті түрде болады деп есептеймін. Егер ақшасы төленбеген болса, есеп беру өткізілмеген болса, 40 күннің ішінде тапсырмасаң, біздің шотымызды жауып тастайтын еді. Соған алдымен ескерту болады деп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz