Сот төрелігі академиясы білім беру процесіне цифрлық шешімдерді қолдана бастады, деп хабарлайды 24kz.
Жоғары сот кеңесі жанындағы оқу орны биыл алғаш рет ғылыми-педагогикалық магистратураға қабылдау жүргізді. Жасанды интеллект технологиялары сот процестерін модельдеуге көмектеседі. Осы арқылы болашақ судьялардың кәсіби біліктілігін арттырып, оларды цифрлық заманда жұмыс істеуге бейімдейді.
Қанат Мусин, ҚР Жоғары сот кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы ректорының орынбасары:
- Бұл шешім академияның ғылыми әлеуетін кеңейтіп ғана қоймай, судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерін мансаптық әрі ғылыми өсуіне жол ашты. Қазіргі таңда доктарантураға құжаттарды қабылдау жүріп жатыр. Оқу 2025 жылдың қарашасында басталады.
Тегтер #жоғары сот #судьялар #жасанды интеллект #цифрлық технологияларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz