Ақтөбеде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған білім ошақтарында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары құрылды, деп хабарлайды 24kz.
Жаңа оқу жылы басталғалы онда бірнеше кездесу өткен. Ата-аналарға әлеуметтік педагогтар, психологтар мен мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары кеңес береді. Орталықтардың негізгі міндеті – мектеп пен отбасының өзара байланысын нығайту және бала тәрбиесіне қатысты сұрақтар бойынша көмек көрсету. Ақтөбеде жаңа оқу жылында 5 келешек мектебі пайдалануға берілді. Онда жалпы саны 3,5 мың оқушы білім алады.
Жанна Қасымова, №83 мектеп директорының орынбасары:
- Біздің мектебіміздің ашылғанына, міне, 11 күн. Педагогикалық қолдау орталығы өз жұмысын бастап кетті. Осыған дейін бізге 5 ата-ана кеңеске жүгінді. Бізде қазір арнайы кабинет жасақтау үстіндеміз. Сол жерде осы педогогикалық қолдау орталығына бекітілген мамандар, психологтар жоспарлы түрде кеңестер өткізетін болады.
Тегтер #Ақтөбе #Келешек мектептері #ата аналар
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz