ReBusiness Forum 2025 іс-шарасына қатысушылардың пікірінше жаңа технологиялар бизнесті ашық әрі тиімді жүргізуге септігін тигізеді. "Respublica партиясының өкілдері еліміздегі жас кәсіпкерлер бұл жүйелерді тиімді игеріп келеді", - дейді. Білікті мамандардың шоғыры қалыптасып, жаңа міндетті жүзеге асыруға қабілетті орта құрылды.
Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауында кәсіпкерлер елімізді цифрлық дамытудың қозғаушы күші екенін атап өтті. Жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуға болады. Президент ол үшін әуелі Цифрлық кодексті тезірек қабылдауды тапсырды. Бұл заңда цифрландырудың бағыттары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайдалану және басқа да мәселелер айқындалуға тиіс.
Айдарбек Қожаназаров, Respublica партиясының төрағасы:
- Партия мүшелері ішінде жасанды интеллектпен айналысатын компаниялар да бар. Жасанды интеллектпен айналысатын кәсіпкерлер мен сарапшылар бар. Солардың тәжірибесін жинап, президенттің қойған мақсаттарына жету үшін біздің партия жұмыс істеуге дайын. Мысалы, Жасанды интеллект туралы заң бойынша біздің жұмыс топта алты депутаттың төртеуі белсенді қатысып жатыр.
Тегтер #Алматы #ЖИPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz