RU
Толық нұсқаға өту

Кімдерге АӘК төлеуден бас тартылды?

12.09.2025, 17:12 444

Жыл басынан бері елде 56 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төлеуден бас тартылды.

Бұл жалпы саны 301 800 адам. Шамамен 1 млрд 200 млн теңге қаржы үнемделді, - дейді Еңбек министрлігінің өкілдері.  Отбасыларға атаулы көмек төлеуден бас тарту жағдайларының ең көбі Түркістан облысында тіркелген. Одан кейін Алматы қаласы, Алматы облысы, Маңғыстау, Павлодар облыстарында  жиі кездескен. Әлеуметтік көмек мұқтаждарға ған берілетін мемлекеттік қолдау шарасы емес пе? Ендеше, не себептен кейбір адамға оны беруден бас тартылған?

Шыңғыс Шакіл, ҚР ЕХӘҚМ Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау істері жөніндегі басқармасынын бас сарапшысы:

- Көбінесе бас тартудың себептері мысалы, 36 мың отбасыға табыстары шекті деңгейден асып кетуі бойынша бас тартылды. 16 мың отбасыға учаскелік комиссияның шешімімен 1400 отбасыға жалған мәліметтер ұсыну, яғни отбасы құрамын немесе тұрғылықты мекенжай фактілерін жасыру бойынша бас тартылды. 966 отбасыға жұмыспен қамту шараларына қатысудан бас тартқаны үшін, 861 отбасыға учаскеліп комиссия тарапынан жүргізілетін тексеруге қарсы болғаны үшін бас тартылды. 293 отбасыға өз табыстарын жасыру фактілері бойынша бас тартылды және әлеуметтік келісімшартты орындамағаны үшін 284 отбасыға АӘК тағайындаудан бас тартылды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz