Биыл көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы көлемі 6,5 пайызға артты.
2025 жылы алтын құрсақты аналарға бас-аяғы 354 млрд теңге жәрдемақы беріледі. Мұндай мемлекеттік мезіретке 846 мың отбасы қол жеткізеді.
Осының өзінде 50 млрд теңгеге жуық әлеуметтік көмек үйлестірілді. Бұл 4 немесе одан көп бала босанған әйелдер мен наградталған аналарға қатысты. Айталық, Қазақстанда 4 перзенті барлар ай сайын 63 мың теңге алады. Ал 5 балалы аналарға 78 мың, 6 балалыларға 94 мың беріледі. Сол секілді күміс, алтын алқа иелері, Батыр ана атағы бар әйелдер мен Ана даңқы орденімен наградталған нәзік жандылар жәрдемақы алады.
4 бала – 16,03 АЕК немесе 63 030 теңге
5 бала – 20,04 АЕК немесе 78 798 теңге
6 бала – 24,05 АЕК немесе 94 565 теңге
7 бала – 28,06 АЕК немесе 110 332 теңге
8 және одан да көп бала – әр балаға 4 АЕК немесе 15 728 теңге
Күміс алқа – 6,40 АЕК немесе 25 165 теңге
Алтын алқа – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге
Батыр Ана – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге
Ана даңқы – 7,40 АЕК немесе 29 097 теңге
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #жәрдемақы #отбасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz