Астана «Жасыл қалаға» айналады. Осылай деп ұрандатқан Нұра ауданының әкімдігі бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық сенбілік өткізді.
Оған «AMANAT» партиясы Әйелдер қанатының белсенділері қатысып, 110 түп ағаш екті. Жалпы биыл тек Нұра ауданы бойынша 10 мыңға жуық ағаш пен 70 мың көп жылдық бұта отырғызу жоспарланған. Елорданы көгалдандыру мақсатында әкімдік осы күзде 4,5 мыңдай ағаш отырғызуды көздеп отыр.
Ришат Тұрдыбеков, Нұра ауданының әкімі:
- «Таза Қазақстан» аясында көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Көктемде 5 мыңдай ағаш отырғыздық. Тұран даңғылында Қарағаш, Ива деген ағаштарды отырғызып жатырмыз. Мектептерімізді де көгалдандырамыз.
Мария Өтебаева, «AMANAT» партиясының қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:
- Республикалық әйелдер қанаты да бүгінгі іс-шарада өзінің үлесін қосып жатыр. Біздің мақсатымыз қоғам болып еліміздің тазалығына, көгалдануына үлкен үлес қосамыз.
Тегтер #Астана #Таза Қазақстан #хабар24 #жаңалықтарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz