Ақмола облысында қарағай көшеттері жаңа инновациялық технология бойынша өсіріліп жатыр.
Бірегей жобаны Әлихан Бөкейхан атындағы ғылыми-зерттеу институтынның мамандары жүзеге асырды. Жоба толығымен ғылым қоры есебінен қаржыландырылды.
Қарағай көшеттерін жаңа технологиямен өсіру жобасы осымен елімізде екінші рет жүзеге асырылып отыр. Осыған дейін мұндай бастаманы «Семей орманы» табиғи резерваты қолға алған еді. Алқалы жиын барысында жергілікті сала мамандары тың тәсілдің тиімді тұстарына жеке тоқталды. Жаңа технологияға шетелдік ғалымдар да қызығушылық танытып отыр.
Дмитрий Пастухов, «Инноватек» ЖШҚ жобаларының жетекшісі:
- Дәл қазіргі уақытта бізге жабық тамыр жүйесі бар көшеттерді егіп, өсіру тәжірибесі өте қызық. Осы орайда тұқымбақтың құрылысымен, өсіру технологиясымен тереңірек таныстық. Осы жердегі ғалымдармен өзара пікір алмастық. Енді осы жақта алған теориямызды елге барғасын практикалық тұрғыда ұштаймыз. Бұл өз жемісін береді деген үміттемін.
Президент былтырғы Жолдауында жасыл желектің ауқымын ұлғайтуды тапсырған еді. Яғни, осы жылдың соңына дейін 2 млрд ағаш егуді жүктеді. Бұл жұмыстар да осы жоба шеңберінде жүзеге асырылды.
Әліби Ғазиз, республикалық Орман селекциялық тұқым өсіру орталығының бас директоры:
- Осы шаралардың барлығының басты саласы табиғатты қорғау, экологиялық тепетендікті ұстау, елдің ырыздығы. Біздің басты жұмысымыз 2 млрд ағаш отырғызуды аяқтау. Қалаларды гүлдендіру де маңызды.
Сондай-ақ шара соңында Әлихан Бөкейхан атындағы ғылыми-зерттеу институтынның мамандары өздерінің ғылыми жетістіктерімен таныстырды. Жергілікті ғалымдар игі жоба елдегі жасыл желекті ұлғайтып және экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік береріне сенімді.
Авторлары: Абзал Балтабаев, Евгений Шинкаренко
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ақмола #технологияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz