RU
Толық нұсқаға өту

Елордада Otbasy Fest фестивалі өтіп жатыр

14.09.2025, 15:36 382

Отбасы күніне орай елордада Otbasy Fest фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Жетісу саябағында бастау алған іс-шара отбасы институтын нығайтып, ана мен бала, әке ұғымын ұлықтауға бағытталған. Мерекелік жиын БҰҰ Халық қоры, Мәдениет және ақпарат министрлігі, сондай-ақ Ұлыбритания үкіметінің қаржылай қолдауымен ұйымдастырылды. Мұнда тұрғындар түрлі шеберлік сабақтарына қатысып, жанұяны жоспарлау бойынша сарапшылардың дәрісін тыңдай алады. Ал балдырғандар үшін күні бойы танымдық, ойын-сауық бағдарламалары өтеді.

Іңкәр Тұрсын, Жастар және отбасы істері комитеті  басқармасының бас сарапшысы:

- Отбасы күнін мерекелеу осы аптаның басынан басталып, бүгін жексенбіге дейін жалғасып жатыр. Әр күн әртүрлі тақырыптарға бағытталған болатын. Осындай іс-шаралардың ұйымдастырылуы отбасы құндылықтарын дәріптеуге, жалпы отбасы саясатының дамуына, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген ізгілік, махаббаттарын, пейілдерін қалыптастыруға бағытталады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz