RU
Толық нұсқаға өту

Жаңа геологиялық карта жасалады

15.09.2025, 08:20 373

15 жылда әлемдік нарықтағы сирек металға сұраныс төрт есе өседі. Ғалымдар осылай болжап отыр. Қазір жер жүзінде қазба байлықты іздеп, талас жүріп жатыр. Ал қазақ жерінде бұл металдардың мол қоры бар. Президенттің биылғы Жолдауында геологиялық барлауды күшейту керек деп тапсырма бергені сол.

Нарықта сұраныс өскен сайын тауардың да құны шарықтай бермек. Яғни осы металдарды өндіріп, кәдеге жарату қыруар пайда әкеледі. Бұл металдар электроника, қорғаныс, энергетика және телекоммуникация салаларын дамытуға таптырмай тұр.

Енді біздің ел не істеп жатыр? Барлау жұмыстары қалай жаңғырады? Қандай заманауи технологияны қолданамыз?

Ұшы-қиыры жоқ қазақ жерінің қойнауында қазына тұнып жатыр. Ендігі мәселе – осы бар байлықты орнымен ұқсату. Елдегі геологиялық зерттеу мәліметтері әбден ескірген. Отандық өндіріс көбіне өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары жасалған карта негізінде жұмыс істеп тұр. Сондықтан Мемлекет басшысы жер қойнауының жаңа картасын жасауды тапсырды. Ол үшін цифрлық құралдарды барынша пайдалану қажет. Халықаралық талаптарға сай келетін зертхана ашылуға тиіс. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аэрогеофизикалық барлауды күшейтпек. Яғни жер қойнауындағы байлықты әуеден зерттеу, тіпті ғарыштан бақылау арқылы анықтамақ. Бұған дейін елде мұндай ауқымды зерттеу жүргізілмеген еді.

Ерлан Ғалиев, «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ басқарма төрағасы:

- Жеке компаниялар, басқа да компаниялар, олар үлкен аумақтарда жасаған. Бірақ олар аэрофизиканы тек қана өзінің қажетті жеріне, өзінің лицензиялы учаскелеріне ғана жасаған. Ал біздің енді мақсатымыз – ол аймақтық деңгейде, кең көлемде, тіпті бүкіл Қазақстанның аумағын жауып тастау.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz