Медициналық пункт пен дәрігерлік амбулаториялар «Ауылдың денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр. Жалпы кейінгі үш жылда өңірде 22 нысан пайдалануға берілді.
Маржанбұлақ ауылындағы дәрігерлік амбулатория 30 жыл бұрын салынған. Соңғы жылдары халық саны ұлғайып, емдеу мекемесі таршылық ете бастады. Бұл науқастар үшін де, дәрігерлер үшін де қолайсыздық туғызады.
Светлана Ағзамова, дәрігерлік амбулаторияның аға дәрігері:
- Біздің амбулаторияның өзі 1991 жылы типтік ұйым, мекеме болып салынған. Бұл жерде ол кезде 2500 халыққа есептелген болатын. Әрине халық саны 5 мың жарымға дейін артты. 2 дәрігер болып қабылдап жатырмыз.
Сондықтан ауылға жаңа амбулатория керек болды. Оның құрылысына жергілікті бюджеттен 300 млн теңге бөлінді. Былтыр қабырғасы қаланған емдеу мекемесі озық құрал - жабдықтармен қамтылған.
Серікбай Құлжабай, ауыл тұрғыны:
- Енді мұнда үлкен 50 орындық жаңа емхана салынды. Енді қазір пайдаға асыруға бірнеше күннің уақыты қалып тұр. Барлығы енді 100% болды деп есептеуге болады. Жақсы салынып жатыр. Күнделікті қарап жүрміз.
Өңірде «Ауылдың денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасымен 32 нысан салынады деп жоспарланса, оның 22-і тапсырылды. Қалғаны биыл қолданысқа беріледі.
Серік Тәжіғұлов, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Одан бөлек қазір 3 аудандық аурухананы кеңейту бойынша жобалық – сметалық құжаттар әзірленді. Ол Шалқар, Хромтау, Мұғалжар аудандарындағы емдеу мекемелері. Онда компьютерлік тамограф және хирургия, инсульт бөлімі қарастырылған.
Ауылдағы медициналық нысандарды жаңғырту 150 мың адамға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Наталья Салькова, Болат Молдағалиев
Тегтер #Ақтөбе облысы #емдеу мекемелері #дәрігерлерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz