RU
Толық нұсқаға өту

Елде денталдық туризм дамып жатыр

15.09.2025, 13:40 318

Қазақстанда тіс емдеу қымбат десек те, елде денталдық туризм дамып жатыр. Жыл сайын Өзбекстан, Қырғызстаннан, тіпті Германия, Америка және Англиядан тіс емдеуге келетін науқастар көп. Оларға Астана, Алматы, Шымкент қалаларында қызмет көрсетілді. Шетелдік пациенттердің айтуынша, біздегі баға өзге елдермен салыстырғанда арзан.

Стоматологтар бірлестігінің президенті Мейрам Раганин: «Сұранысқа алдыңғы қатарлы технология мен дәрігерлердің біліктілігі себеп», - дейді. Өткен жылы ғана келушілер саны үш есе өскен.

Мейрам Раганин, стоматологтар бірлестігінің президенті:

- Өткен жылы елге келген шетелдіктер өте көп болды. Мысалы, АҚШ азаматтары 40 адам, Англиядан 21 адам, Германиядан 126 науқас, Ресейден 58, Украинадан 12 тұрғын келді. Бұл мемлекеттерден бөлек, Италия, Қытай, Польша, Бельгия, Түркиядан да келушілер бар. Қазақстанның шекаралық аймағына, әсіресе ресейлік азаматтардың ағылуы жиілеген. Тиімді қолжетімді қызмет түрін алып өз елдеріне қайтып кету оларға жеңілірек. Сұраныс жаз айларында көбіне өседі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz