Ақмола облысында жыл соңына дейін 15 мың студент жасанды интеллект бойынша білімін арттырады. Қазір өңірде оқыту курстары басталды. Онда жастар мәтіндерді автоматтандыруға көмектесетін алдыңғы қатарлы тілдік модельдермен, арнайы платформалардың жұмысымен жан-жақты танысады. Жалпы ақмолалық жастар Президент тапсырмаларын сырттай қолдап қана қоймай, оны нақты іске асыруға атсалысуға да дайын.
Президенттің жасанды интеллектіні дамытуға бағытталған бастамасы тек экономика үшін ғана емес, тұтас қоғам үшін де айрықша маңызға ие. Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллект адамдардың өмір сапасын арттырудың маңызды құралы ретінде қарастырылып отыр. Мұның бәрі Қазақстанды цифрлық мүмкіндіктер еліне айналдырады деп ойлаймын.
Цифрлық кодекстің қабылдануы, жасанды интеллектіні дамытудың жүйелі жолға қойылуы елімізді жаңа технологиялық дәуірге жетелейді. Жаңа министрліктің құрылуы мемлекеттік басқаруды тиімді етіп, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырады.
Тегтер #жастар #ЖИ #білім #Ақмола облысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz