RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда жаңа банктер пайда болуы мүмкін

15.09.2025, 21:11 429

Қазақстанда жаңа банктер пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң жобасын таныстыру кезінде мәлім болды. Жоба аясында базалық банк лицензиясын енгізу ұсынылып отыр.

«Бұл шара жаңа субъектілердің нарыққа кіруін жеңілдете түспек», - дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова. Сонымен қатар заң жобасында цифрлық теңгені дамыту, цифрлық қаржы активтерінің айналымына қажет инфрақұрылым құру, крипто айырбастау жүйесін жолға қою көзделіп отыр. Бұдан бөлек, бәсекелестікті арттыру үшін исламдық қаржыландыруды дамыту міндеті қойылған. Қазақстанда әзірге тек екі ислам банкі қызмет көрсетіп жатыр. Заңдағы ең ұтымды жаңашылдық мемлекеттің банктерді қолдау шарасы.

Мадина Әбілқасымова, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы:

- Банктерді қолдау жүйесі өзгереді. Яғни, бір ғана қолдау тетігі қалады. Енді мемлекет жүйелік маңыздағы банктердің акционерлік капиталына ене алатын болады. Яғни, қаржылық ұйымды банкроттыққа жеткізген соң акционердің капиталы толық алынады да, акционер банкті басқару құқығынан айырылады. Сөйтіп, банк мемлекеттің иелігіне өтеді. Бұдан кейін мемлекет банкті инвесторға сатып, осы қаржылық ұйымды құтқаруға кетірген шығынды өндіріп ала алады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz