RU
Толық нұсқаға өту

О.Бектенов жол апаттарын азайту үшін жауапты органдарға бірқатар тапсырма берді

15.09.2025, 23:16 365

Биыл елде күре жолдарда болатын жол-көлік оқиғасы 42%-ке артқан, деп хабарлайды 24kz.

Өйткені жол ережесін өрескел бұзатындар көп. Сапасыз инфрақұрылым да жазатайым жағдайлардың артуына түрткі болып тұр. Үкімет отырысында осылай деген Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берді. Қайғылы жағдайлар әсіресе жарығы жоқ көше қиылыстарында жиі болады. Мәселені шешу үшін Көлік министрлігіне қауіпті аймақтарды анықтап, шұғыл түрде тексеріс бастауды міндеттеді. Сондай-ақ жол құрылысын барлық сатыда қатаң қадағалауды жүктеді. Азаматтардың амандығы үшін жол бойындағы бейнебақылау камераларын көбейту мәселесін де көтерді.

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz