Қарағанды облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа медициналық пункт ашылды. Президент тапсырмасымен арнаулы мемлекеттік қордан бөлінген қаражат өңірдегі инфрақұрылымды жақсартуға және медицина сапасын арттыруға бағытталған.
Шет ауданы Еңбекшіл ауылында бой көтерген әлеуметтік нысан 200-ден астам тұрғынға қызмет көрсетеді. Емхана толық заманауи құрал-жабдықтармен қамтылды. Ғимаратта алғашқы көмек, тексеру және емшара бөлмелері бар. Шұғыл жағдайларда жедел әрекет ету үшін мекемеге аудандық аурухананың реанимобиль көлігі бекітілген. Жыланды ауылында да жаңа медициналық пункт салынып жатыр. Жалпы ел аумағында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 540 мекеменің құрылысы аяқталды.
Самат Кенжебаев, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Мемлекет бюджетіне қайтарылған қаражат есебінен 51 нысан салынды. Оның 24-і пайдалануға берілді. Жас мамандарға 8,5 млн теңгеге дейін көтерме ақысы қарастырылған. Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері де шешілуде. Басты мақсат – ауылдық елді мекен тұрғындарына облыс орталығына бармай-ақ, өз тұрғылықты жерінде сапалы медициналық қызмет көрсету.
Тегтер #Қарағанды облысы #қайтарылған активтер #медициналық нысанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz