«Таза Қазақстан» акциясы аясында Түркістан облысындағы Темірлан ауылының Орталық саябағы мен 10 ауылдық округте сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық шарасына екі мыңға жуық адам қатысты. Олар көшелер мен қоғамдық орындарды қоқыстан тазалады. Саябақтағы қураған шөп пен сынған ағаш бұталарын жинастырды. Ағаштардың түбін әктеп, арық-атыздарды ретке келтірді. Белсенділер тазалық жұмыстарын атқарып қана қоймай, тұрғындарды қоршаған ортаға деген жауапкершілікті күшейтуге үндеді.
Индира Әліпова, Ордабасы аудандық кітапхана қызметкері:
- Ауданымыз, ауламыз, мекемеміз таза болсын деп барлық жердегі іс-шараларға қатысып, гүлдендіру жұмыстарына атсалысып келеміз. Тазалық өзімізден басталады. Өзіміздің денсаулығымыз әрі балаларымызға қалдырған бір мұрамыз.
Олжас Болатхан, Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары:
- Мемлекет басшысының «Адал еңбек», «Адал табыс», «Адал адам» тұжырымдамасы аясында қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жүзеге асырылып отыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Таза Қазақстан #ТүркістанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz