Әлемдік әрі дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі – еліміздің әлемдік аренадағы маңызды бастамаларының бірі де бірегейі. Ол дүниежүзіндегі түрлі наным-сенім лидерлерін бір үстел басына жиып, бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған. Алқалы жиынның хронологиясына тоқталсақ. Алғашқы басқосу осыдан 22 жыл бұрын өткен еді. Оған «діни келісім мен терроризмге қарсы күрес» тақырыбы арқау болды.
Кейін келелі кеңесті әр 3 жыл сайын өткізу туралы шешім қабылданып, екінші жиын 2006 жылға белгіленді. Оның негізгі тақырыбы — халықаралық тұрақтылықтағы діндердің рөлі, диалог пен өзара түсіністік болды. Үшінші съезд 2009 жылдың шілде айында өтті. Делегаттар діни лидерлердің әділ әлем құрудағы үлесін талқылады. Төртінші съезд 2012 жылдың мамырында «бейбітшілік пен келісім» тақырыбында өтті. Ал бесінші съезд 2015 жылдың маусымында дін мен саясаттың бейбітшілік пен даму бағытындағы диалогына арналды. Алтыншы съезде дін лидерлері қауіпсіз, әділ және тұрақты әлем тақырыбын қаузады. Жетінші рет әлемдік конфессия өкілдері елордада 3 жыл бұрын жиналды. Олар адамгершілік рухы мен бірлікті жаңғыртуға үндеу жасады. Ал бүгін мүдделі көшбасшылар елордада сегізінші рет бас қосып отыр.
Дәулет Закарьянов, облыстық ДІн істері басқармасы жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі:
- 2022 жылдың 14-15 қыркүйекте өткен Съезде негізгі тақырып «Пандемия кезінде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының рөлі» деген тақырып болатын. Әрине, жалғыз сол емес, басқа да дүниежүзіндегі проблема талқыланған болатын. Жалпы әрбір дінаралық, конфессияаралық диалог құрылуының өзі соған үлкен себеп берген осы съезде.
Тегтер #діндер съезі #хронологияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz