RU
Толық нұсқаға өту

Елорда әлемді ізгілікке бастайтын диалог алаңына айналды

17.09.2025, 13:25 312

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі әр үш жыл сайын Астанада өтеді. Бұл тұрғыда Елордамыз әлемді ізгілікке бастайтын диалог алаңына айналғандай. Еліміз ғасырлар бойы Батыс пен Шығысты байланыстырып тұрған көпір іспеттес. Отырыстағы бір талқылау екіншісіне ұқсамайды. Әр съездің күн тәртібі айқындалып, тиісті бағыт-бағдар белгіленеді. Жылдар өте бұл алқалы жиынның аясы кеңейіп, қатысушылардың саны артып жатыр. Оған жаһан жұрты құлақ түретін жоғары мәртебелі дін көшбасшылары қатысады. Алқалы жиынның ерекшелігі мен маңызы да осыда. 

Болат Сәрсенбаев, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығы төрағасының кеңесшісі:

- Бұл съезд Қазақстанның бастамасымен жүзеге асып жатқан бірегей жиын деп айта аламыз. Еліміз қазір әлемнің алпауыт мемлекеттерімен иық тіресе дамып келе жатыр. Ал жаһандық деңгейдегі маңызды шараға диалог алаңын ұсынып, кез келген мәселеде қолдау көрсетуге қашан да әзір.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz