Дүниежүзіндегі түрлі дінді ұстанып жүрген миллиондаған азаматты біріктіретін көшбасшылардың бүгінгі келісімі маңызға ие. Шиеленіс артқан заманда дін лидерлерінің жұдырықтай жұмылуы мен жаһандық мәселелерді бірлесе шешуіне назар аудару қажет. Ал осы бір арадағы ынтымақтастықты арттыру үшін Қазақстан өзінің диалог алаңын ұсынып отыр. Сенат депутаты Бибігүл Жексенбай осылай деп, еліміздің әлемдік арендағы рөлі мен ықпалы артып келе жатқанын айтты.
Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Адамзат тарихындағы аса өтпелі ауыр кезеңде мұндай диалог алаңының рөлі жылдан жылға артып отыр. Бұл жерде әлем дін көшбасшылары арасындағы өзара түсіністік бекіту арқылы, сенімді күшейту арқылы жалпы әлемдегі діндер арасындағы қақтығыстардың алдын алуға, арадағы түсіністікті күшейтуге мүмкіндік жасалады. Бұл бағыттағы Қазақстанның абыройы аса зор. Дін көшбасшыларының дәл осы Астанадағы қазақтың ақ дастарханының басына жиналуы, дөңгелек үстел басында ой бөлусуінің өзі үлкен нәтиже деп айтуға болады.
Тегтер #Қазақстан #діндер съезі
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz