RU
Толық нұсқаға өту

Түркістан облысында 30 ауылға ауызсу құбыры тартылып жатыр

17.09.2025, 21:59 341

Түркістан облысындағы 13 елді мекенге орталықтандырылған ауызсу құбыры тартылып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Инфрақұрылымдық жобалар мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылады. Ауыл тұрғындары бұған дейін тіршілік нәрін тасып тұтынатын. Енді ауызсу мәселесі шешімін тауып отыр. Жыл соңына дейін аудандағы 79 елді мекен 100% таза суға қол жеткізеді деп жоспарланған.

Орталықтандырылған су жүйесі ең алдымен 200-ге тарта түтіні бар Кеңдала ауылына жеткізілді. Мұнда 5 шақырымнан аса ауызсу құбыры тартылған. Тіршілік нәрін күнделікті тасып отырған тұрғындар бұл жаңалықты зор қуанышпен қабылдағандарын айтады.

Әбдікәрім Қарабалаев, Кеңдала ауылының биі:

- Көшенің бәріне тартылды. Бәрі көмілді. Кранниктер қойылды. Енді үйге дейін құбырды тартып қойды. Ары қарай ішке кіргізуіміз керек. Су келіп жатыр, енді ұзағынан сүйіндірсін. Осыны істеп жатқан жігіттердің бәріне үлкен рахмет. Бұдан кейін бізге келген суымыз тоқтамай жақсы істеп тұрса болды.

Келес ауданында 83 елді мекен бар. Оның 66-ы орталықтандырылған ауызсу жүйесімен қамтылған. Қайтарылған активтер есебінен 7 млрд-тан астам теңге бөлініп, қазір 13 елді мекенде құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Алмас Абдуллаев, Келес аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Қазіргі таңда 13 нысанның 3-еуінің құрылысы 95% аяқталды. Қалған нысандар алдағы қазан, қараша айларында пайдалануға тапсырамыз деп жоспарлап отырмыз. Жалпы осы нысандар толық аяқталған кезде 15 мыңнан аса халық таза ауызсумен қамтылатын болады.

Биыл Түркістан облысының тұрғындарын таза аусызсумен қамтуға 20 млрд-қа жуық теңге бөлінді. Оның 13 млрд теңгесі қайтарылған активтер есебінен қаралды. Нәтижесінде 30 елді мекенге орталықтандырылған су құбыры тартылады.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Қуаныш Әбуов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz