RU
Толық нұсқаға өту

Ахмет Байтұрсынұлының суреті табылды

18.09.2025, 08:35 647

Қазан қаласында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының суреті табылды.

Ақжолтай жаңалықты ғалым Қайырбек Кемеңгер жеткізді. Құнды сурет қыркүйек айының басында Татарстан астанасындағы ұлттық музейден шыққан. Бірақ ол жерде Ахмет Байтұрсынұлының есімі жазылмапты. Тек татар зиялысы Мұхаммед Идрисовтың аты-жөні көрсетілген. Әйтсе де, біздің ғалымдар ұлт ұстазын бірден таныған. Музей мамандары алғашында суретті түсіруге рұқсат бермей, кейін келісімге келеді. Қайырбек Кемеңгер Ахаңның өмір жолдында Қазан қаласында бұрын-соңды болғаны туралы айтылмаған дейді. Сөйтсек, ол 1927 жылдың күзінде татар зиялыларымен бірлесіп, араб алфавитін реформалау жөніндегі комиссияның мүшесі болған. Оның жұмысы жергілікті «Мағрифат» журналының 1927 жылғы 12-нші санында жарияланған. «Әлбетте, тарихи құжатта Идрисовтың аты көбірек кездеседі. Дегенмен, түпнұсқа суреттен Ахмет Байтұрсынұлының беделін анық байқауға болады», - дейді ғалымдар.

Қайырбек Кемеңгер, Л. Гумилёв атындағы ЕҰУ кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты:

- Дәл осы суретте Ахаң 22 адам болып тұр, Ахаң төрде зиялылардың ортасында және біздің тануымыз бойынша жалғыз қазақ Ахмет Байтұрсынұлы секілді.  Бұл жерде Ахаңның жаңа бейнесі, болмысы, мінезі ашылатындай. Зерттеушілер үшін құнды болады деп есептейміз. Киім киісі, үстіне киген пальтосы, қос түймелі белдігі, галстугы, көзқарасы көп жайдан бізге мағлұмат береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz