Жасанды интеллект жарғы жығуы мүмкін. Осылай деген дін қызметкерлері президенттің жасанды интеллект бойынша дінаралық комиссия құруын құптап отыр. Олай болмаса, қоғамда құранды ақылды зейін арқылы жаттап, пәтуасына жүгінетіндер көбейіп барады.
Жаһанды жаулаған жасанды интеллект құлшылық орындарында да қолданылуда. Мәселен, Сауд Арбаиясында мешітке кіріп шыққан адамдарды ақылды зейін бақылап отырады. Алдымен көмекші құрал ретінде пайдаланылған жүйе бірте-бірте жамағат арасында да танымалдылыққа ие болды. Алайда оның сараптап берген ақпаратын саралап алмасаңыз, жарға жығады. Анығын айтсақ, жат ағымның жетегінде кетуіңіз мүмкін.
Нұрлан Байжігіт, имам:
- Әртүрлі мәселе бар. Сондықтан жалпы ол алгоритмдерді жинаған кезде ьіздіңкейбір нәзік мәселелерді ЖИ ашып бере алмайды. Оған дін қызметкері болу керек. Мысалы, ЖИ арқылы өзінің сенім-нанымын дұрыс санап жүрген азаматтардың өзі сол райынан қайтқандығына куәмін. Мына жерде былай деп жазыпты ғой деп маған сілтемесін жібереді.
Жамағат арасында жасанды интеллект берген пәтуаға кәміл сенетіндер көбейіп барады. Бірі намаз оқып, енді бірі дұға жаттап, құран бағыштап жүр. Бұндайларға Бас мүфтидің өзі үндеу жасады.
Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти:
- Мысалы, қазақ ұлтының домбырасы біз үшін қасиетті. Немесе некеге қатысты сұрақтар болуы мүмкін әртүрлі. Сол кезде ондай пәтуаларды ЖИ-дан емес, арнайы ҚМДБ-дан алған дұрыс. Яғни осы жергілікті дін ғалымдарының пәтуасына жүгінген дұрыс деп біз өзіміздің сұқбатымызда айтып өткен болатынбыз.
Президенттің жасанды интеллектіні дамыту әдебі жөніндегі дінаралық комиисия құруды ұсынған себебі де осы. Ал ата діннен алыстаған адамдар қоғамдағы ахуалды одан әрі ушықтырары анық.
Кеңшілік Тышқанұлы, дінтанушы:
- Жасанды интеллектіні қай жерде қолданамыз, қалай қолданамыз, игілікке қалай қолданамыз? Және діни тұрғыдан оны қолданғанда жауапкершілігі қалай болады? Адамзаттың игілігіне қандай кері ықпалы бар деген мәселені қатар алып жүрген дұрыс деп ойлаймын. Өйткені барлық дүниенің жақсы қыры болса, жаман қыры да бар. Ал ол жақсы қыры мен жаман қырын біз дни тұрғыдан анықтап алуымыз керек.
Бағыжан Күзекбай, ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі:
- Сол жасанды интеллект арқылыбасқа да теріс пиғылды адамдар өз жұмыстарын жасап кету қаупі бар. Ол себептен дін сарапшылары бар, дін істері қызметкерлері бар осы мәселеге бақылау өткізгеніміз дұрыс. Өйткені ақпарат тасқындаған заманда жалған ақпарат тарату көздері бар.
Қорытындылай айтқанда, адам технологияға емес, тенхнология адамға қызмет етуі тиіс. Сол себепті данбасылар мен ғалымдар, технкорат-инженерлер бірігіп, таразыға тартатын мәселе көп. Тек сонда ғана ақылды зейіннің зардабынан сақтана аламыз.
Тегтер #ЖИ #діндер съезі
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz