Қазақстанда өткен айда ет өндірісі 9,2%-ға өсті. Қаңтар – тамыз айларында жалпы көлемі 529,9 мың тонна ет өндірілген. Оның ішінде 182,3 мың тоннасы сиыр етіне тиесілі. Қойдың еті – 56,4 мың тонна, Жылқы еті – 69,3 мың тонна. Көрсеткішті арттыру мақсатында елімізде 5%-бен 12 айға жеңілдетілген несие беру бағдарламасы іске қосылды. Бастамаға 50 млрд теңге қаржы бөлінген. Қолдау шарасы жас малды, жем-шөпті, жанар-жағармай мен қажетті жабдықты сатып алуға бағытталып отыр.
Тегтер #ет өндірісі
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz