RU
Толық нұсқаға өту

СҚО-да 4 өрт сөндіру бекеті ашылды

18.09.2025, 19:47 429

Солтүстік Қазақстан облысында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасымен 4 өрт сөндіру бекеті ашылды.

Барлығы да мемлекеттік – жекеменшік әріптестік негізінде салынды. Апат айтып келмейді, енді шалғайда өрт шыға қалса, жедел әрекет етуге мүмкіндік бар.

Бұл аудан орталығынан 60 шақырым жердегі Новоникольск ауылы. Елдімекенде өрт сөндіру бекеті қайта құрылды. Мамандар арнайы техника және дала өртіне қарсы жаңа құрал – жабдықтармен қамтылды. Жақында олар алғашқы сыннан да сүрінбей өтті.

Юрий Кныш, өрт сөндіру бекетінің қызметкері:

- Қыркүйектің 10-ы күні көрші Рассвет ауылынан «өрт шықты» деген хабар алдық. Оқиға орнына 7 минуттың ішінде бірінші болып бардық. Осы жағынан қарағанда, өрт сөндіру бекеттерінің ашылуы өте ыңғайлы. Әйтпесе, аудан орталығы алыс.

Аудан орталықтарындағы құтқарушылар шалғай ауылдарға жедел жете алмай жатады. Сондықтан, елдімекенде бекеттің болғаны дұрыс- дейді құтқарушылар. Қазір облыс бойынша 70 өрт сөндіру бекеті жұмыс бар. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасымен биыл тағы 4  станция құрылды. Дегенмен, мәселе толық шешілген жоқ.

Нариман Ашамаев, облыстық ТЖД басқармасының бастығы:

- Қазір облыс бойынша 85 ауыл өртке қарсы қызметпен қамтылған. Бұл мәселені «Ауыл құтқарушылары» жобасы аясында кезең – кезеңмен шешуді жоспарлап отырмыз. Өйткені төтенше жағдайлар бөлімшелерінің мүмкіндігі бәріне бірдей жете бермейді.

Өңірде жыл басынан бері 300-ден аса өрт болып, 17 адам көз жұмды. «Шалғайда өрт сөндіру бекеттері ашылғаннан кейін, қайғылы жағдайлар да азяды», - дейді мамндар.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz