RU
Толық нұсқаға өту

ЖИ туралы заң жобасы елде цифрландыруды тиімді іске асыруға көмектеседі

18.09.2025, 21:15 490

Мемлекет басшысы өз Жолдауында алдағы үш жылда елімізді толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін қойды.

Бұны іске асырудың нақты қадамдары «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты ұйымдастырған «TALQYLAU» алаңында сөз болды. Цифрлық сауаттылықтың төмендігі, интернет сапасы және онлайн-алаяқтықтың көбеюі өзекті мәселе. Парламентте қаралып жатқан «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы елде цифрландыруды тиімді іске асыруға көмектеседі, - деді жиналғандар. Сарапшылар сондай-ақ еліміздің жасанды интеллект дәуіріндегі жетістікке жету жолдарын талқылады.    

Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазір Мәжілісте екінші оқылымға дайындалып жатқан бұл заң соңғы жылдардағы ең күрделі құжаттардың бірі саналады. Ең басты қиындық – даму мен қауіпсіздік арасындағы тепе-теңдікті сақтау. Талаптар тым қатаң болса, ол азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне әсер етуі мүмкін, ал тым жеңіл болса – бизнестің дамуын тежейді. Сондықтан біздің негізгі міндетіміз – осы тепе-теңдікті табу. Заң жобасының басты мақсаты да осы.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz