Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмекке байланысты ірі көлемде қаржының мақсатсыз жұмсалғаны белгілі болды.
Прокуратураның тексерісі кезінде кейбір отбасыларға негізсіз төлемдер жүргізіліп, құжатта жалған қорытындылар рәсімделгені анықталды. Мәселен, Жетісай ауданында тұрмысы түзу 18 отбасына атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалып, 3,1 млн теңге аударылған. Мұндай кемшіліктер Сарыағаш ауданында да тіркелген. Қапланбек ауылдық округінде учаскелік комиссия хатшысы мен ауылдық округ әкімінің орынбасары комиссия мүшелерінің атынан қол қойғаны әшкере болды.
Нұрбол Қамбар, Сарыағаш ауданы прокуратурасының прокуроры:
- 56 өтініш бойынша жалған қорытындылар рәсімделіп, соның салдарынан 9,7 млн теңге мемлекеттің қаржысы мақсатсыз жұмсалған. Прокуратура заңсыздықтарды жойып, жауапты адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін қадағалау актісін енгізген. Қазір бұл мәселе қаралып жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Заң мен тәртіп #ТүркістанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz