Алдағы 20-30 жылда жер бетіндегі адам саны 1,5 миллиардқа артады. Сөйтіп адамзат 2064 жылды 9 млрд 700 млн межемен түйіндемек.
Сарапшылар содан кейін халық өсімі баяулайды деп болжайды. Тіпті келесі ғасырдың басында жер бетіндегі демографиялық ахуал ушығады дейтіндер бар. БҰҰ-ның дерегі бойынша 2100-ші жылға қарай әлемде қарт кісілер көбейіп, халық саны 1 миллиардқа азаяды. Әлемнің 183 елінде бала туу рекордтық көрсеткішке дейін төмендейді. 65 жастан асқандардың саны 2 миллиардтан асса, жастардың қарасы 1,5 миллиардқа жетпеуі мүмкін. Демография саласының мамандары: "Бұл жағдай зейнетақы қорының сарқылуы, жұмыс істеуге қабілетті адам санының азаюы секілді күрделі мәселелер туындатып, жаһандық экономикаға кері әсер етуі мүмкін", - дейді.
Тегтер #Адам саны #демографияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz