RU
Толық нұсқаға өту

Бурабайда «Ақылды» камералар орнатылды

19.09.2025, 15:00 439

Бурабайда жасанды интеллекті элементтерімен жабдықталған 79 камера орнатылды. «Ақылды» қондырғы адамның бет-бейнесін алыстан танып, жеке басын анықтай алады. Күдік тудырған жанның әр қадамын қалт жібермей қадағалайды. Тіпті қалтадағы суық қаруды да бірден табады. Сандық жүйе іске қосылғалы 1200 құқық бұзушылық тіркеліп, 2 қылмыс ашылды.

Демалыс аймағында адасып кеткендерді ақылды камера бірден анықтайды.   Жақында жолды таппай қалған жасөспірімді бақылау жүйесінің көмегімен тапқан. Жалпы Бурабайға жылына миллионнан астам турист келеді. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетіміз-дейді жергілікті билік өкілдері. Құқық бұзғандар мен жол ережесін сақтамағандар да қырағы камерадан қашып құтылмайды. Жүйе іске қосылғалы мыңнан астам заңбұзушылық тіркелген.

Мерей Рамазан, Бурабай ауданы әкімінің орынбасары:

- Бір ай бұрын болған оқиғаны айтып өтейін. Абылай хан полянасында бір бала жоғалып кеткен болатын. Оның үстіндегі футболкасының түсі айтылған болатын. Сол параметр арқылы сол екі минутта табылған болатын.

Ақылды камералар көмегімен  іздеуде жүргендерді табуға болады. Сандық жүйе адам бет-әлпетін өзгертсе де, тап басып, анықтай алады. Жол ережесін бұзып,   көлікте ұялы телефон ұстаған жүргізушілерді бірден базаға тіркейді. Қауіпсіздік белдігін тақпаған және жаяу жүргіншілерге жол бермегендер де жазадан құтылмайды.

Аяжан Тәшібаева, Бурабай аудандық Полиция бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Бұл көрсеткіштер жүйенің жоғары тиімділігін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі елеулі үлесін дәлелдейді. Бұл жүйе қоғамдық тәртіпті күшейтіп қана қоймай, құқық қорғау органдары қабылдайтын шешімдердің жеделдігі мен олардың сапасын айтарлықтай арттырды.

Алдағы уақытта осындай бейнебақылау камерасын көбейту көзделіп отыр. Әсіресе туристтер көп келетін аймақтар мен білім ошақтарына басымдық беріледі.

Мерей Рамазан, Бурабай ауданы әкімінің орынбасары:

- Бурабай ауданына жылына бір жарым миллион турист келеді. Сондықтан біздің ең басты мақсатымыз осы туристтер көп жиналатын аймаққа сол камераларды қою. +скл+Жалпы жобаның құны 200 млн.теңге. Алдағы уақытта осы жобаны іске асыру аясында біз камераларды көбейту жұмыстары жалғасатын болады.

Айта кетейік, әзірге осындай ақылды камералар тек Бурабай ауданына орнатылды.   Алдағы уақытта сандық жүйені облыс бойынша еңгізу жоспарланып отыр.

Авторлары: Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz