RU
Толық нұсқаға өту

Әскерден кімдер босатылады?

19.09.2025, 17:28 1283

Әскери қызметтен кімдер босатылады? Жыл сайын елде 18-27 жас аралығындағы жастар әскер қатарына шақырылады.

Алайда бозбалалар әскерден уақытша немесе біржола босатылатын жағдайлар да бар. Бұл санатқа дәрігер қорытындысы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандар кіреді. Сонымен қатар туыстарының бiрi әскери қызметте жүріп қаза тапқан немесе мүгедек боп қалған жағдайда; басқа мемлекетте әскери қызмет өткергенде; ғылыми дәрежесi барлар; дін қызметкерлері босатылады. Ал, әскерге шақыру мерзімін кейінге қалдыру азаматтың отбасылық жағдайларына байланысты; оқуын жалғастыру үшін; денсаулық жағдайы немесе басқа да себептерге байланысты рұқсат етілуі мүмкін. Жалпы әскерден босатылатын немесе өтеу мерзімін кейінге қалдыруына рұқсат берілгендердің тізімі «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңда көрсетілген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz