RU
Толық нұсқаға өту

Зейнетақыны ерте рәсімдеуге болады

19.09.2025, 11:34 433

Зейнетақыны 50 жастан алып отырғыңыз келе ме? Былтыр сақтандыру компанияларымен жасалған зейнетақы аннуитеті бойынша келісімдер саны 3,5 есе артқан, деп хабарлайды 24kz.

Кейін олар өмірінің соңына дейін зейнетақы ала алады. Өйткені зейнетақы аннуитеті сақтандырудың кепілдендірілген түріне жатады.

Мерей Мұратханқызы, тілші:

- Базаркүл Айдарбекованың жолдасы ғұмырының 25 жылын құрылыс алаңында өткізді. Бейнеті көп еңбектің зейнетін көрер шақ таяды. Ол 47 жасында сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті бойынша келісім жасасты.

Базаркүл Айдаркенова, қала тұрғыны:

- Жолдасым құрылыс саласында жұмыс етеді. Зейнетақы аннуитетін ашқан себебі, ерте ала бастайды жинақталған ақшасын. Сақтандыру компаниясына салып, осы жерде индексация жыл сайын жүреді. Сондықтан сомасы көбіректеу болады. Бір 50-60 мыңдай ай сайын алып отырады. Өмір бойына аннуитет деп аталады.

Әрине, зейнетақыны БЖЗҚ-нан кесте бойынша алуға болады. Ал өмір бойы төлем алу үшін сақтандыру компаниясымен шарт жасасу керек. Жыл басынан бері 189 млрд теңгеге осындай келісім рәсімделді. Бұл былтырғыдан 20% көп. Ай сайынғы аннуитеттік жарналар 50 жастан батсап төленеді.

Руслан Құрманғалиев, сақтандыру компаниясының өкілі:

- Олардың есепшоттары зейнетақы қорындағы ақшалары жеткілікті шекті сомасы болу керек. Жасы, жинаған қаражаты толықтай сәйкес келсе, зейнетақы аннуитетін ресми түрде рәсімдеуге болады. Ер жастағы кісілердің орташа суммалары 8 млн-нан асуы керек, әйел жастағы кісілердікі 10-11 млн-нан басталады.

Әлем зейнеткерлері арасында да жеке аннуитетті сатып алу сәнге айналды. Себебі ол өмір бойға жететін тұрақты және сенімді кіріс көзі. Азаматтар сақтандыру компаниясына бір реттік соманы төлейді, кейін оған тұрақты төлем жасалады. Біздің елде де зейнетақы аннуитетіне мемлекет кепілдік береді.

Руслан Құрманғалиев, сақтандыру компаниясының өкілі:

- Бізге келген тұлға бәрінің калькуляциясын жасап, ол келісім берсе, Егов-пен тікелей қолын қояды. Онлайн түрде келісімшарт өтеді. БЖЗҚ-дан бізге өтінімді мақұлдайтын болса, олар 5 күн ішінде бізге жаңағы тұлғаның ақшасын аударады. 10 млн теңгесін аударғаннан кейін біз оған дивидентін береміз. Ол процедура бірақ қана жасалады. Басқа айларда түскен ақшалар сол БЖЗҚ-ға- түсе береді.

Демек, азамат зейнет жасына жеткенге дейін зейнетақысын алып отыруға құқылы. Қазір елде өмірді сақтандырумен айналысатын 10 компания бар. Олардың біразы зейнетақы аннуитеті бағдарламасын іске асырып отыр. Осылайша, кейінгі 10 жылда жасалған келісімдер үлесі 900%-тен асқан. Қазақстанның сақтандыру нарығында жедел, кейінге қалдырылған және бірлескен, яғни, жұбайымен бірге рәсімдеуге болатын зейнетақы аннуитеті ұсынылады.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Ғалымжан Абдылахат

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz