RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда ЖИ туралы заң жобасына арналған алғашқы академиялық тыңдаулар өтті

19.09.2025, 13:00 295

Алматыда жасанды интеллектті реттеуге арналған алғашқы академиялық тыңдаулар өтті.

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы мен оған қатысты заңға тәуелді актілер бойынша алғашқы Академиялық тыңдаулар өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Академиялық тыңдауларды жасанды интеллект саласын реттеуге бағытталған заңнамалық бастаманың негізгі мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырды.

Қатысушылар назарына Заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы Е.В.Смышляева ұсынды.

Заң жобасының жекелеген бағыттары бойынша жұмыс нәтижелерін оның авторлары баяндады:

- Мәжіліс депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Унзила Шапақ;

- Мәжіліс депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Ерболат Байұзақұлы Саурыков;

- Мәжіліс депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Юлия Владимировна Кучинская.

Панельдік пікірталасқа әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Таллин техникалық университетінің жетекші ғалымдары мен сарапшылары қатысты. Олардың қатарында  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Еркін Ерманұлы Дүйсенов, Таллин техникалық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы, Томас Хоффманн, ҚазҰУ-дың Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының доценті Асель Асылбекқызы Абдилдаева бар.

Бұл құқық саласындағы, ақпараттық технологиялар және цифрлық даму саласындағы жетекші сарапшыларды тоғыстырған алғашқы шара болды. Алғашқы Академиялық тыңдаулар Қазақстанда жасанды интеллектті реттеудің заманауи және прогрессивті негізін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz