RU
Толық нұсқаға өту

Ақтауда жедел жәрдем бригадалары бәсекеге түсті

20.09.2025, 13:15 484

Ел чемпионаты денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Жарыста аймақтардан, сондай-ақ Әзербайжан, Беларусь және Ресейден келген командалар бақ сынады. Дәстүрлі сайыс жедел медициналық жәрдем қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттырып, шетелдік мамандармен тәжірибе алмасуын көздейді. Үш күндік чемпионат қорытындысында бірінші орынды Жамбыл облысының командасы жеңіп алды. Ал өзге елдерден келген бригадалар арасында Беларусь командасы үздік атанды.

Асхат Сапаров, ҚР ДСМ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» РМК басқарма төрағасының орынбасары:

- Алғашқы көмек көрсетудің стандарттарына тағы бір ерекше станция қостық, ол «түнгі тапсырма» деп аталады. Себебі жедел жәрдем қызметкерлері күн болсын, түн болсын 24 сағат, 7 күн барлығына дайын болады. Сондықтан сол дайындықтарын тексеру үшін сондай сценарий қостық.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz