Ақтауда сауда нүктелеріне кезекті рет рейд ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24kz.
Мақсат – ет бағасының негізсіз өсуін болдырмау. Мамандар сауда орталықтарына да барып, кәсіпкерлерге түсіндірме жұмысын жүргізді. Тұрғындар бірінші кезекте тұтынатын әлеуметтік тамаққа үстемақының 10%-тен аспауын ескертті. Жалпы бұған дейін әкімдік пен шағын және орта бизнес өкілдері ет бағасын көтермеу жөнінде меморандумға қол қойған. Құжатта сиыр етінің келісі 3500-3800 теңгеден аспауы тиіс деп жазылған. Алайда жыл басынан бері төрт түлік етін қымбатқа сатқан 112 адамға айыппұл салынып отыр.
Айта кетсек, Маңғыстауға мал еті көршілес өңірлерден, сондай-ақ Қостанай облысынан жеткізіледі.
Рауан Мұхаев, Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы:
- Қала әкімдігімен осы Ақтау қаласында орналасқан бірнеше сауда желілерімен 2023 жылы меморандумға қол қойылған. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына қатысты үстемақыны 10%-тен асырмауы тиіс. Бізде апта сайын бақылауда, мониторинг жүргізіліп тұрады. Егер де құқықбұзушылық анықталса, міндетті түрде айыппұл салынады.
Тегтер #Ақтау #азық түлік #ет бағасы #мониторинг
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz