RU
Толық нұсқаға өту

Балқаштағы көпбейінді аурухана кеңейтіледі

21.09.2025, 21:38 471

Балқаштағы көпбейінді аурухананың негізгі ғимаратына қосымша корпус салынып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Онда қабылдау бөлімі мен заманауи операция залы болады. Қала «ҚарағандыБалқашБурылбайтал» трассасының бойында тұр. Тасжолда апатқа ұшырап, зардап шеккендерді осы ауруханаға жеткізеді. «Биыл жол апаты көбейіп кетті», - дейді дәрігерлер.

Жаңа корпустың құрылысы 90% аяқталып тұр. Жалпы аумағы 700 шаршы метр. Кең операциялық зал заманауи құралдармен жабдықталады. Дәрігерлердің айтуынша, тасжолда апат көбейгелі науқас саны да артқан. Жыл басынан бері 113 жол көлік оқиғасы болған. 

Серікбол Түсіпбеков, аурухананың бас дәрігері:

- Енді қазіргі таңда жол апаттары көптігі сондай, жаппай деп айтуға болады. 3-4 адам зардап шегеді. 8 адаммен көп микроавтобустар жол апатына ұшырайды. Сондықтан қазіргі уақытта травматология бөлімшесіне өте көп көңіл бөліп жатырмыз. Қазір жаңадан шұғыл операция жасайтын бөлме жасап жатырмыз.

Көпбейінді аурухана жанынан аймақтық травматология орталығын ашу жоспарланып отыр. Нәтижесінде компьютерлік томография, магниттік-резонанстық томография және ультрадыбыстық зерттеуді жедел жасайды. 

Дмитрий Пинаев, травматолог:

- Аймақтық травматологиялық орталықты ашудың тиімді тұстары көп. Науқастарды тексеру әлдеқайда жылдам өтеді. Хирургтар, нейрохирургтар, травматологтар топтасып жұмыс істейді, яғни, кешенді тексеру ұйымдастырылады. Сонымен қатар жаңа жабдықтар сатып алынатындықтан, науқасқа диагноз қою жеңілдейді. Яғни, қандай да бір қателіктер болмайды.

Руслан Нұрланұлы, тілші:

- Жыл басынан бері Қарағанды обылсында 500-ге жуық жол апаты тіркелген. Әсіресе, қайғылы жағдайлар мына ҚарағандыБалқаш тас жолында болады. Дәл осы күрежолда 8 айда 51 жол апаты болып, 34 адам көз жұмды.

Былтырдан бері мұнда 4 жолақты қозғалыс енгізіліп, қарсы бағыттарды бөліп тұратын қоршау орнатылды. Сонымен қатар жарыққа шағылысатын жапсырмалар жүргізушілерге түнгі уақытта бағыт-бағдар алуға көмектеседі.

Айбек Амантаев, «Қазавтожол» ҰК» АҚ ҚОФ директорының орынбасары:

- Біз 30 ақпараттық LED экрандарды орнатуды жоспарлап отырмыз, олар сондай-ақ камералармен жабдықталады. Экрандарда нақты уақыт режимінде ақпарат берілед. Мысалы ауа райы, жолдың жағдайы, қозғалыс шектеулері туралы мәліметтер беріліп тұрады. Бұл жол апатының алдын алуға көмектеседі.

Биыл өңірде 8 айда жол апатынан 101 адам қаза тапқан. Тағы 600 адам түрлі жарақат алған. Көбіне жүргізушілер жол ережесін бұзып, немесе рулде ұйықтап кетеді. Осыған байланысты облыс төңірегіндегі жолдарда полиция бақылауды күшейтті.

Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайран Ақамбаев, Аман Хамит

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz