RU
Толық нұсқаға өту

Шетелдік маркетплейстерден түскен салық артты

22.09.2025, 17:12 393

Маркетплейстердегі әрбір тапсырыс мемлекет қазынасына табыс әкеледі.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда электрондық сауда саласында жұмыс істейтін жеті қытайлық компания ресми тіркелген. Соңғы үш жылда олар бюджетке 16 млрд теңгеге қаржы әкелді.  Сонымен қатар елімізде электронды сауда платформалары үшін бірыңғай талап бар. Атап айтқанда, 200 еуродан және 31 келіден аспайтын сәлемдемелерге арнайы салық салынады. Егер бұл шектен асса, 15% мөлшерінде кешенді кедендік төлем қарастырылған.  Айталық, 2022 жылы шетелдік маркетплейстер ел қазынасына бір жылда 10,4 млрд теңге құйса, биыл үш айда 13,3 млрд теңге табыс әкелген.

Шетелдік маркетплейстерден түскен салық

2022 жылы - 10,4 млрд теңге,

2023 жылы - 24,3 млрд теңге,

2024 жылы - 35,0 млрд теңге,

2025 жылғы 1 наурыз - 13,3 млрд теңге. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz