Алматыда дарынды балаларға арналған «Үркер» білім беру орталығы ашылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев хабарлады.
Жоба талантты оқушыларды қолдауға бағытталған. Орталық өскелең ұрпақтың ғылым, өнер, технология салаларындағы әлеуетін дамытуға ден қояды. Осылайша Қазақстанның жаңа көшбасшылар буынын қалыптастыруға үлес қоспақ.
Қаныбек Жұмашев, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы:
- Бұл орталық – дарынды балаларға арналған білім беру жүйесі дамуының жаңа кезеңі болмақ. Мұнда оқушылар халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа білім беру бағдарламалары арқылы ғылыми-зерттеу және шығармашылық қабілеттерін ашып, білімдерін шыңдауға мүмкіндік алады. Бұл орталықта математика, физика, химия, биология салаларында ғылыми мектептер мен зертханалар, стартаптар инкубаторлар құрылып, робототехника жасанды интеллект, биотхнология сияқты салалар бойынша ірі халықаралық компаниялармен серіктестік жобалар жүзеге асады.
Әр екінші оқушы жарыстан жүлделі келді
Айта кетейік, былтырғы оқу жылында халықаралық олимпиадаға қатысқан әрбір екінші оқушы жүлдемен оралды. Қазақстандық балалар 35 халықаралық олимпиада мен ғылыми байқауға қатысып, 1006 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 193-і алтын, 349-ы күміс және 464-ы қола медаль.
Қазақстандық оқушылардың жетістіктері
2024-2025 оқу жылында
35 халықаралық олимпиада мен ғылыми байқау
1720 қазақстандық оқушы қатысты
1006 медаль жеңіп алды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Алматы #балаларPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz