Ақордада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен биылғы Жолдаудың қорытындысына арналған дәстүрлі кеңес өтті.
Оған Үкімет мүшелері, Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасарлары, өңірлік басқармалардың басшылары қатысты. Жиында Мемлекет басшысының бастамаларын іске асыру, этносаралық, конфессияаралық келісімді нығайту, қоғамдық бірлестіктермен, сарапшылармен өзара іс-қимыл, ақпарат, отбасы және жастар саясаты мәселелері қаралды. Мемлекеттік кеңесші биылғы Жолдаудың негізгі идеясын айқындап көрсетті. «Президент жаңа ұлттық стратегияны ұсынды. Ол – ауқымды цифрлық трансформация және жасанды интеллектіні енгізу. Осы арқылы Қазақстан болашақта технологиялық тұрғыда дамыған ел ретінде танылуды көздеп отыр», - деді Ерлан Қарин. Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, ішкі саясат саласында жаңа тәсілдерді жедел енгізудің маңыздылығы атап өтілді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ерлан Қарин #кеңес #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz