RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-ның құтқарушылары заманауи өрт сөндіру кешендерімен толықты

22.09.2025, 19:27 398

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары заманауи өрт сөндіру кешендерімен, байланыс станцияларымен және гидроциклдермен толықты.

Жыл басынан бері өңірлік бөлімшелерге 70-тен астам көлік жаңартылып берілген болатын. Жаңа техника қажет аймақтарға жеткізіледі. Соңғы екі жылда ТЖМ қажеттілігі үшін 813 арнайы автокөлік пен 20 мыңнан астам арнайы құрал-жабдық сатып алынды. Сонымен қатар ауылдық жерлерде өрт сөндіру бөлімшелерінің құрылысы мен жабдықталуы жалғасуда. Төтенше жағдай кезінде іс-қимылды үйлестіру шарасы күшейтілуде. Мәселен, шығыста қазір Starlink жүйесін қолдайтын байланыс қондырғылары сынақтан өтіп жатыр.

Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

- Біздің күнделікті тәжірибеміздің көрсетіп жатқаны техниканың сенімді және жаңа болуы маңызды. Жұмысымыздың сапасын едеуір арттырып жатыр. Жол талғамайтын жерде жүретін техникамыздың қадірін түсініп, қызқметкерлер қуанып жатыр. Бүкіл ел бойынша техниканың барлығы жаңарады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz