RU
Толық нұсқаға өту

ERG жасыл энергетикаға бет бұрды

22.09.2025, 21:27 468

Павлодарда «Экология және өндіріс: тұрақты болашаққа апарар жол» атты үшінші ECOJER аймақаралық форумы өтті.

Аталған шара аясында ERG компаниясы өзінің Экологиялық стратегиясы бойынша қоршаған ортаны қорғауға арналған жабдықтар өндірісінде, әлемдік көшбасшылардың бірі - Fujian Longking Co., Ltd компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Маңызды жоба аясында қоршаған ортаға таралатын зиянды қалдықтардың көлемін халықаралық экологиялық стандарттарға сай деңгейге дейін төмендету көзделіп отыр.

Аталған келісімшарт аясында ERG құрамындағы «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-ның Ақсу электр станциясындағы энергетикалық блоктарға үш гибридті сүзгі орнатылады. Бұл сүзгілер Орталық Азияда алғаш рет энергия өндіруші кәсіпорында қолданылатын болады.

Дүйсен Мерғалиев, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ Бас директоры:

- Fujian Longking деген компания 600-ден аса сүзгіні Қытайда орнатқан. Сондықтан бұған сенім артып отырмыз. Осы меморандум бойынша 3 сүзгі орнатпақшымыз. Біреуі төртінші энергетикалық блокта,  екеуі жаңадан реконструкциядан өтіп жатқан 7-ші энергетикалық блокқа қойылады.

Компанияның қоршаған ортаны қорғау технологияларын дамыту мен енгізу саласындағы тәжірибесі 50 жылдан асады екен. Компания басшысы «көмір генерациясы қазіргі таңда елдің энергия теңгерімінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан өнеркәсіптік кәсіпорындар экологиялық жауапкершілікті толық сезініп, қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайтуға ұмтылуы тиіс»,- дейді.

Хуан Вэй, Fuyian Longking компаниясының бас директоры:

- Ақсу электр станциясындағы жоба – біздің технологияларымызды Орталық Азияда қолданудың жаңа кезеңі әрі көмір энергетикасын «жасыл» арнаға бұрудың айқын үлгісі болмақ. Longking пен ERG серіктестігі арқасында Орталық Азия энергетикасына үлгі болатын жоба жүзеге асады деп сенімдіміз.

ERG бұл жобаға 13 млрд теңгеден астам қаржы құйып отыр. Тың жоба қатты қалдықтар көлемін әлемдік стандарттарға сай деңгейге дейін төмендетуге сеп болады.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Марат Игіліков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz