RU
Толық нұсқаға өту

Қызылорда облысында күріштің 37% жиналды

23.09.2025, 08:15 336

Қызылорда облысында күріштің 37 пайызы жиналды. Қырман қызып тұр. Диқандар күндіз–түні тынымсыз еңбек етіп жатыр. Олар: "Келесі айдың ортасында науқанды аяқтаймыз", - дейді. Биыл облыстағы 193 мың егіс алқабының жартысына күріш егілді.

Сырдария ауданының шаруалары орақ науқанына алғашқылардың бірі болып кірісті. Нәғи Ілиясов ауылында жиналған күріштің жартысына жуығы қамбаға жеткізілді. Мұнда астық кептіріледі. Кейін сақтау қоймаларына жөнелтіледі.

Гүлфайруз Пірназарава, қабылдау бекетінің қызметкері:

- Ең бастысы – сол күрішті жинап алу. Күндіз-түні сол машина келіп жатыр. Камаз, бәрін тиеп, жіберіп жатырмыз.  

Диқандардың айтуынша, жаңбыр жауса, жұмыс бірнеше күн тоқтап қалады. Егінді ылғал күйінде жинауға болмайды. Комбайншылардың күндіз-түні үзіліссіз жүргені де содан. «Биыл өнім көлемі көңіл қуантты», - дейді мамандар.

Ержан Натишаев, агроном:

- Ең басында гүлдеу кезінде су жетіспегендіктен күрішіміз аз өнім береді ма деп ойлағанмын. Бірақ қазір жақсы, орта есеппен 75 центнерден келе жатырмыз.

 Шухрат Бизатов, бригадир:

- Ауа райына қарамай, таңның атысы, күннің батысы жігіттер де, механизаторлар да осы алқаптың басында қызмет етіп жүр. Күріш жинап, талмай еңбектенуде.

Аймақта күріштің жалпы көлемі 80 мың гектардан асады. Бүгінде 37 пайызға жуығы орылды. Егер ауа райы қолайлы болса, науқан қазан айының ортасына дейін толық аяқталады.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz