RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында күзгі жиын-терім 89% аяқталды

23.09.2025, 13:15 349

Диқандар қазір бақша өнімдері, көкөніс пен майлы дақылдарды жинап жатыр.  Биыл өңірде 640 мың гектарға дәнді-дақыл егілді. Бұл былтырмен салыстырғанда  14 мың гектарға көп.  Агросала мамандары соңғы кездері масақты дәнді дақылдардың үлесін азайтып, орнына жоғары өнімді дақылдар алқабын ұлғайтқан.  Оның ішінде аймақтың брендіне айналған пияз алқабы 17 мың гектарға жетті. Нәтижесінде  700 мың тонна өнім алу жоспарланып отыр. Жалпы биыл 3 млн 600 мың тонна ауыл шаруашылық өнімі өндіріледі деп күтілуде. Ауылшаруашылығы басқармасы шаруалардың өнімін өткізуге көмек береді.

Қайрат Көшенов, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Жалпы облысқа биылғы жылдың көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 7 миллиардқа жуық қаражат бөлінген болатын. Жанар-жағар май мәселесі жеңілдетілген бағамен 254 теңге бағасы болды. 12 миллиардтан астам тікелей өсімдік шаруашылығына бағытталды. Басым дақылдарды зауытқа өткізгені үшін, сосын тыңайтқыштарған пистецид, гирбецид сондай, тұқым алғаны үшін сондай субсидияларға бағытталған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz