RU
Толық нұсқаға өту

Елде астық таситын вагондар 16,3 мыңға жетті

23.09.2025, 14:45 355

Қазақстанда бір жылда 13 млн тоннадан астам астық тасымалданды. Оның ішінде 10,3 млн тонна экспортқа жөнелтілсе, 3 млн тонна республика бойынша жеткізілген. Көрсеткіш өткен кезеңмен салыстырғанда 45%-ға өсіпті. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады. Министр ақпарынша, елдегі көлік инфрақұрылымы жаңа егіннің астығын тасымалдауға толық дайын. Қазіргі күні жауапты 16,5 мыңнан аса жабық вагон мен астық таситын  16,3 мың арнайы вагон жұмылдырылған. Мұнымен қоса, ұлттық операторда 1,7 мың локомотив бар. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz