Алматыда биыл жыл соңына дейін тағы бір қар еріту пункті іске қосылады, деп хабарлайды 24kz.
Былтыр мегаполисте қуаттылығы тәулігіне 1200 текше метрге дейінгі алғашқы қар еріткіш пайдалануға берілген. Әрине, бұл алып шаһарға аздық еткен. Бұл туралы қаланың инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты брифингте қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев мәлім етті. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, Алматыдан шығатын қарды түгелдей еріту үшін болашақта Алмалы және Медеу аудандарында екі пункт салу жоспарланып отыр. Қазір коммуналдық қызмет қысқа толық дайын екенін хабарлады. Техника паркін жаңалап, тәулік бойы жұмыс істейтін апаттық бригадалар құрамын жасақтап қойды.
Алмасхан Сматлаев, қала әкімінің орынбасары:
- Қыс мезгілінде қарлы, боранды, аязды күндері жұмыс істейтін жұмысшыларға жайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөліп отырмыз. Олар үшін таулы аймаққа орнататын екі модульдік пункт сатып алдық. Жыл соңына дейін осындайдың тағы онын алсақ дейміз.
Тегтер #Алматы #коммуналдық қызметPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz