Өскеменде мониторинг тобы қаладағы 7 базарды аралап, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын көрді, деп хабарлайды 24kz.
Сауда орындарында ірі қараның жауырын-төс сүйектері 2800 ден бастап 3500 теңге аралығында сатылып жатыр. Жергілікті өндірушілер меморандум аясында берілген тегін сауда алаңдарында өнімді делдалсыз сатуда. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, елдің шығысында ет тапшылығы жоқ. Өңір өзін өзі жергілікті өніммен қамтып отыр. Бағаны тұрақты ұстау мақсатында апта сайын жәрмеңке ұйымдастырылады.
Жанар Әбділдинова, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
- Қазіргі уақытта ет бағасының қымбаттауы бойынша біз әкімшілікпен, басқармамен, аудан және қала әкімдіктерімен бірлесіп, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізуді қолға алып отырмыз. Жыл басынан бері облыста үнемі, тұрақты түрде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп келеді. Онда өнімдерді ауыл шаруашылығын өндірушілер өз өнімдерін тікелей делдалсыз сатуда.
Асхат Сағидолдин, облыстық сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы:
- Осы бағыттағы жұмыстар жүргізілуде. Жалпы департаментпен жыл басынан бері 125 әкімшілік хаттамалар толтырды. Яғни, кәсіпкерлер үстемені асыра пайдаланған. Сол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сәйкесінше, бағалар төмен түсірілді.
Тегтер #Өскемен #сиыр еті #бақылау #сауда орындарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz